Halyq Uni логотип
×

Павлодарда автобус жүргізіп келе жатқан жүргізуші мас болып шықты

Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

 Еркеғали Болатұлы 28.04.2023 | 09:46
Павлодарда автобус жүргізіп келе жатқан жүргізуші мас болып шықты
фото: newshub.kz

26 сәуірде сағат 07:00 шамасында Павлодар қаласының Қамзин – Теплов көшесінде Павлодар қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының полицейлері ақырын жүріп келе жатқан автобусты тоқтатқан.

Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Медициналық куәландыру 40 жастағы жүргізушінің мас халде көлік жүргізгенін растады. Автобуста жолаушылар болған жоқ.

Осы факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Материал сотта қаралып, жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Айта кетсек, 26 сәуірден бастап Павлодар облысында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Соның аясында полицейлер автобустардың техникалық жай-күйін, жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексерулерден өтуін, тіркеу құжаттарының болуын тексереді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама