×

Қызылордада даладан адамның сүйектері табылды

Тиісті сараптамалар тағайындалды

 Динара Амантай 28.04.2023 | 09:51
Коллаж: polisia.kz

Әлеуметтік желіде тараған далалық жерде шашылып жатқан адамның сүйектері бейнеленген суреттер халықтың үрейін тудырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аталған дерек бойынша 001 («Табылған мәйіт») санатымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қызылорда қаласы Белкөл кентіне қарасты далалық жерге жүргізілген қарап-тексеру барысында адам сүйектеріне ұқсайтын бөліктер табылып, айғақты зат ретінде алынған. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Болжам бойынша, оқиға орнына жақын жерлерде мазарлар тұрғызылуына орай, адам сүйегі табылған орын ескі қорым болуы мүмкін.

Әрі қарай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама