ШҚО-да науқас кеңсе пышағымен мейірбикені жаралады
Содан кейін ол психиатриялық диспансерге жатқызылды
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында емделуші мейірбикені кеңсе пышағымен жаралады, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Емделуші оқиға болған күнге дейін еш ерсі мінез-құлық танытпаған. Галлюцинация салдарынан палатада жатқан көршісіне, сосын мейірбикеге кеңсе пышағымен шабуыл жасаған, - делінген хабарламада.
Пышақ мейірбикенің қолын жаралаған. Қазір ер адам психиатриялық диспансерге жатқызылды. Әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғау туралы шешім сараптамадан кейін қабылданады.