Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында танысына сенген тұрғын 2 млн теңгесінен айырылды

Күдікті әйел алған ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген

 Динара Амантай 27.04.2023 | 16:50
Түркістан облысында танысына сенген тұрғын 2 млн теңгесінен айырылды
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында танысының жұмысқа орналастырып беремін деген сөзіне сенген тұрғын 2 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Келес ауданының ПБ-ға бөліміне жергілікті тұрғын шағымданған. Ол арызында өзінің танысы мектепке жұмысқа орналастырып беремін деп сеніміне кіріп, алдын ала шамамен 2 млн теңге алып, 1 жыл бойы алдап келгенін айтқан.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ретінде жергілікті тұрғынды анықтап, полицияға жеткізді. Белгілі болғандай, күдікті әйел алған ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген. Қазір оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама