Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде парад өтпейтін болды
Қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу туралы хабарлама жариялады.
2022 жылы Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына әрі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ, – деді ведомство.
Сонымен қатар әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысы мен Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу шаралары да бар.
Қорғаныс министрлігі еліміздің барлық өңірінде 50-ге жуық түрлі шара өткізуді көздеп отыр.