Halyq Uni логотип
×

Биыл елімізде әскери парад өтпейді

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде парад өтпейтін болды

 Қымбат Елтайқызы 13.04.2022 | 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
фото: Halyq Uni

Қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу туралы хабарлама жариялады.

2022 жылы Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына әрі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ, – деді ведомство.

Сонымен қатар әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысы мен Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу шаралары да бар.

Қорғаныс министрлігі еліміздің барлық өңірінде 50-ге жуық түрлі шара өткізуді көздеп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама