×

Барлық этнос өкілі қазақтың болмысын бойына сіңіріп жатыр – Тоқаев

Президенттің пікірінше, қоғамды тек жауапкершілігі жоғары адамдар дамытады

 Дәурен Ерболат 27.04.2023 | 11:33
Фото: akorda.kz

Еліміздегі барлық этнос өкілі қазақтың болмысын бойына сіңіріп жатыр. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қазақстандағы барлық этнос өкілі қазақтың болмысын бойына сіңіруде. Елімізде қазақтың салт-дәстүрін ұстанатын өзге ұлт өкілдері өте көп. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазақстан олар үшін туып-өскен, ержеткен, білім алған, отбасын құрған қастерлі мекені, Отаны болып саналады. Бұл – табиғи үрдіс», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, қоғамды тек жауапкершілігі жоғары адамдар дамытады.

Ұлы Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек» деген сөзі бар. Расында, санасы сергек, жауапкершілігі жоғары адамдар ғана қоғамды жаңғыртады, түрлі этностар мен мәдениеттердің басын қосқан ұлтымызды алға қарай жетелейді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясын жабу керек» дегендерге жауап берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама