Halyq Uni логотип
×

21,4 млрд теңге: Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар компания жолға бөлінген ақшаны жымқырған

Автожолды тексеру барысында 600-ден астам адам тәртіптік және әкімшілік жазаға тартылды

 Халық үні 27.04.2023 | 11:06
21,4 млрд теңге: Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар компания жолға бөлінген ақшаны жымқырған
коллаж: Halyq Uni

Бас прокуратура автожолдарға бөлінген қаражат пен оның сапасына қатысты бірқатар тексеру жүргізді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жұмыс барысында көптеген заң бұзушылық анықталды. Соның ішінде тапсырыс берушілердің орындалмаған жұмысқа ақы төлеуі, сметалық құнды асыру, жобалардан ауытқу, құрылыс нормаларын сақтамау деректері тіркелді.

Тексеріс материалдары бойынша қылмыстық істер қозғалды, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, залалды өтеу шаралары қабылданып жатыр, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Мысалы, құқық қорғау органдары «Қалбатау-Майқапшағай» және «Қарағанды-Балқаш» автожолдарын салу кезінде жұмыстарды орындамау және қаражат жымқыру фактілерін тексеріп жатыр.

Ұзындығы 800 шақырымнна асатын бұл жол учаскелерін шетелдік қатысы бар консорциумдар сыртқы қарыз қаражаты есебінен салып жатыр. Оның аясында «ҚазГерСтрой БК» ЖШС (Қайрат Сатыбалдыұлы құрылымдарымен байланысты) жұмысты бірлесіп орындаушы ретінде тартылған. Тек «Қалбатау-Майқапшағай» жобасы бойынша «ҚазГерСтрой БК» ЖШС 21,4 млрд теңге аванстың едәуір бөлігін автожолға байланысты емес басқа мақсаттарға, оның ішінде кредит төлеуге жұмсады. Ол үшін мердігер күдікті капиталды шығару схемаларын қолданды, - делінген ресми ақпаратта.

Қылмыстық істен тыс прокурорлардың актілері бойынша 35 млрд теңге мемлекетке қайтарылды. Тәртіптік және әкімшілік жазаға 600-ден астам адам тартылды.

Мәселен, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында прокурорлар жергілікті биліктің аудандық және облыстық маңызы бар жақсартуды қажет етпейтін жол учаскелерін жөндеу туралы шешіміне тоқтау салып, бюджеттен шамамен 1 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуын болдырмаған.

Анықталған жүйелі бұзушылықтар бойынша Бас прокуратура Үкіметке ұсыныс енгізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама