Сот-медициналық сараптама тағайындалды
Ақмола облысында жұмысшының қаза табу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 21 сәуірде Зеренді аудандық полиция бөліміне аудан ауылдарының бірінде Көкшетау қаласының 55 жастағы тұрғынын тоқ соғып, салдарынан оқиға орнында қайтыс болғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түскен. Ер адамның жергілікті станцияда жұмыс істегені белгілі болды.
Аталған дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі («Еңбекті қорғау ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр.