Биыл әйелдер вагоны тағы 3 маршруттағы пойыздарға қосылатын болды
Былтырдан бері сондай вагондармен 154 мыңдай жолаушы тасымалданған
Биыл әйелдер вагоны тағы 3 маршруттың пойыздарына жалғанбақ. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бас директоры Жәнібек Тайжанов айтты.
Былтырдан бері жүріп жатқан әйелдер вагоны жобасына жолаушылардан жақсы лебіздер көп түсіп жатыр. Яғни 5 бағыттағы пойыздардың құрамында тек әйел жыныстыларға ғана қызмет көрсетіп, соларды ғана кіргізетін вагондар болды. Осы жоба бізде өте жақсы жүрді. Жолаушылардан осындай вагондардың санын кеңейтсеңіздер деген өтініш-тілек көп түсті. Биыл сол жобаны тағы да пилоттық режимде жалғастырамыз, – деді Жәнібек Тайжанов.
Оның айтуынша, әйелдер вагоны тағы 3 маршруттың пойыздарына жалғанбақ.
«Бұрын Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен, Павлодар – Түркістан, Маңғыстау – Семей, Атырау – Астана бағыттарындағы пойыздарда болған еді. Биыл жазда Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Ақтөбе бағыттарындағы пойыздарда әйелдерге арналған вагондар пайда болады. Былтырдан бері әйелдерге арналған вагондармен 154 мыңдай жолаушыны тасымалдадық», – деді Жәнібек Тайжанов.