×

Талғар ауданында сойылған иттердің бас-сирағы табылды (ВИДЕО)

«Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша қылмыстық іс тіркелді

 Динара Амантай 26.04.2023 | 15:10
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде сойылған бірнеше иттің бас-сирағы бейнеленген видео тарады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында Талғар ауданы Кендала кентінің аумағында орналасқан мал қорымы тіркелген бейнежазба анықталған. Аталған дерек ҚР ҚК 316-бабының 1-бөлігі («Жануарларға қатыгездікпен қарау») бойынша Талғар ауданының СДТБТ-да тіркелді.

Қазір қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шараларының барлық кешені жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы ПД-ның бақылауына алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама