Павлодар облысында жол апатынан 1 әйел қаза тапты
16 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды
Павлодар облысында жол апаты салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше сағат 15:30 шамасында Астана – Павлодар тасжолының 1207/142-шақырымында, Екібастұз іргесіндегі Бәйет ауылының маңында болған. Hyunday Solaris автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, Daimler Chrysler жүк көлігі тіркемесінің артқы бөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyunday көлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тауып, 16 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізіліп жатыр.