«Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алматыда 26 жастағы әйелді өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 20 сәуірде 14:25 шамасында Алматы облыстық ПД-ға Қарасай ауданының аумағында орналасқан қонақ үйлердің бірінен 26 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі («Кісі өлтіру») бойынша Қарасай ауданының СДТБТ-да тіркелді.
Аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 34 жастағы П. есімді азамат ұсталды. Күдікті қамауға алынды.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.