Өрттің алаңы 20 шаршы метрді құрады
Ақтөбе облысының Темір ауданында құтқарушылар тұрғын үйден шыққан өрттен 8 адамды құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 18:00-де 112 пультіне Темір ауданының Шұбарқұдық кентінде екі қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде көршілес пәтерден 8 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 5 құтқарушы мен өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Шақырту орнына өрт сөндірушілер келген кезде тұрғын үйдің қонақ бөлмесі өртеніп жатқаны анықталды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 18:28-де сөндірілді. Оның алаңы – 20 шаршы метр. Өрттің шығу себебі – үй иелері майшам жағып, қараусыз қалдырған.