Қызылорда облысында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды (ВИДЕО)

Динара Амантай

Ол адам өлтіру бойынша күдікке ілінді

Фото: polisia.kz

Қызылордалық полицейлер халықаралық іздеуде болған азаматты ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

24 сәуірде Қызылорда облысы Криминалды полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру жұмыстары барысында ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша күдікті қатарында танылып, тергеуден бой тасалап, 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды.

2022 жылы күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған болатын. Жедел уәкілдер күдіктіні қала аумағындағы жалдамалы пәтердің бірінде жасырынып жатқан жерінен ұстаған.

Қазір ол Қызылорда қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.