Олар колледж ғимаратының жекенің меншігіне өтуіне түбегейлі қарсы
Семей қаласындағы Геодезия және картография колледжінің студенттері оқу ғимаратының сатылуына қарсы наразылық ұйымдастырды. Колледж студенттері мен педагогтері оқу ордасына тиесілі ғимараттың жекенің меншігіне өтіп кетуі мүмкін екеніне алаңдап, дабыл қағып отыр.
Колледж басқа жерге көшіріліп, босаған оқу ғимарат облыстық полиция департаментіне берілуі мүмкін. Студенттер мен олардың ата-анасы, колледждегі оқытушылар бұл шешімге түбегейлі қарсы екенін жеткізді.
Геодезия және картография саласы бойынша еліміздегі ең алғашқы кәсіби білім беру орнының іргесі 1946 жылы қаланған. Студенттер мен педагогтердің қарсы болуына негізгі себеп - колледжде тек аудиториялар емес, арнайы жабдықталған заманауи зертханалар да бар.
ШҚО білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова колледждің бас корпусы жаңадан құрылған Абай облысындағы басқармалардың біріне берілетіні жайлы ақпаратты жоққа шығарды.
«Геодезия және картография колледжін және геологиялық барлау колледжін біріктіру мәселесі қаралмайды, - деді Сайрангүл Жұмаділова.