Сот әкімшілік айыппұл сомасын 30%-ға қысқартты
Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 435-бабымен жергілікті азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, ер адамның кәмелетке толмаған баласы «Спектор» бау-бақша қоғамына тиесілі трактордың май құятын бөлшегіне шұбат құйып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Сот отырысында жасөспірімнің әкесі кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот кәмелетке толмаған баланың әкесінің материалдық жағдайын, кінәсін толық мойындауын ескере отырып, әкімшілік айыппұл сомасын 30%-ға қысқартып, оған 16 905 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.