Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысында 4 млн теңгенің телефондарын ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 25.04.2023 | 12:24
Ақтөбе облысында 4 млн теңгенің телефондарын ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында сауда үйінен 33 телефон ұрлаған күдікті қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 25 сәуірде белгісіз адам түнгі уақытта жертөле үй-жайының пластикалық терезесін итеріп ашып, Қобда ауылындағы сауда үйіне кірген. Ол жердегі бутиктен 33 түрлі телефонды және 30 мың теңгені жымқырған. Кәсіпкер келтірілген шығынды 3,9 млн теңгеге бағалады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 28 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Одан 11 телефон тәркіленді. Ұрлық жасағаннан кейін күдіктінің Шымкент қаласына барып, ұрланған телефондардың бір бөлігін сатқаны анықталды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама