Қызылорда облысында бөлім басшысы сотталды

Динара Амантай

Ол мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды

Фото: depositphotos

Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен Қызылорда облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотталушы мемлекеттік сатып алу конкурсының келісімшартына сәйкес, «Қызылорда облысының автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау» нысаны бойынша 2021-2022 жылдар кезеңінде орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйым директорынан 500 мың теңге пара алған.

Оған мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 млн теңге сомасына айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.