БҚО-да шенділерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
Олар Ресейден шамадан тыс жүктемемен астық жүктелген ауыр жүк көліктерін өткізген
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғаларының пара алу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Антикордың мәліметінше, инспекцияның үш қызметкері Т. есімді азаматтан Ресейден шамадан тыс жүктемемен астық жүктелген ауыр жүк көліктерінің «Самара-Шымкент» автожолы арқылы көліктік бақылаудың жылжымалы бекетінен кедергісіз өтуі үшін бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді.
Еске сала кетсек, бұған дейін қостанайлық кәсіпкерлердің Ресей астығын заңсыз тасымалдағанын хабарлаған болатынбыз.