Павлодарда кәріз құбырынан шала туған баланың денесі табылды
Сотқа дейінгі тергеу басталды
Павлодарда кәріз құбырынан шала туған ер баланың денесі табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 20 сәуірде сағат 18:15 шамасында Павлодар қаласындағы Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберістерінің бірінің жертөле үй-жайында кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған баланың денесі табылған.
Аталған жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.