Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен
Кеше полицияға қалалық ауруханадан 42 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, полицейлер екі адамның өзара жанжалдасқанын анықтады. Жəбірленуші алған ауыр дене жарақатынан ауруханада қайтыс болған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
Жедел іздестіру нəтижесінде 38 жастағы қала тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.