Ақтөбеде тұрғын үйдің жоғары қабатынан 2 әйел құлап өлді
Оқиғаның себебі анықталып жатыр
Ақтөбеде тұрғын үйдің жанынан екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 01:48 шамасында жедел басқару орталығының 102 пультіне «Ақтөбе Ажары», 112-тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің жатқанына куә болды.
Полицейлер мәйіттердің жеке басын анықтады, олардың 31 және 56 жастағы әйелдер екені белгілі болды.
ҚР ҚК-нің 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері анықталу үстінде.