Оның кім екені бейнебақылау камераларының арқасында анықталған
Алматыда әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеген күдіктінің ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қолға түскен күдікті кінәсін мойындамаған. Бірақ жедел уәкілдердің қолында барлық қажетті айғақтар бар.
Соттың санкциясымен 1962 жылы туған И. есімді азамат тұтқындалды. Күдіктінің жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыстың жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды. Қазір Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасында ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалды, - делінген полиция хабарламасында.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
Еске сала кетсек, 12 сәуірде сағат 08:40-та 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің басы кесілген денесінің табылғаны туралы хабарлама түскен болатын. Ал өлтірілген әйелдің басы базардағы шұжық дүкенінен табылған.
Күдікті өткен аптаның басында ұсталыпты. Оның кім екені бейнебақылау камераларының арқасында анықталған. Дереккөздің хабарлауынша, кадрдан ер адамның Алматы-1 жолындағы базарға автобуспен бара жатқанын көруге болады. Болжам бойынша, ол психиатриялық есепте тұрған.