Түркістан облысында қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр
Түркістан облысының полицейлері қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, наурызда Келес аудандық ПБ-ге жергілікті тұрғын күндіз үйіне белгісіз біреу кіріп, әйеліне физикалық күш көрсетіп, қолдары мен аяқтарын байлап, жатын бөлмесінен 2 млн теңге ұрлап кеткенін айтып жүгінген.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 192-бабы («Қарақшылық») бойынша тіркелді. Шұғыл-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер бұрын бірнеше рет сотталған Қызылорда облысының тұрғынын ұстады. Ол әрекетін толық мойындады. Одан әрі іздестіру кезінде күдіктінің серіктесі, Келес ауданының тұрғыны да анықталды.
Қазір қарақшылық шабуыл дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу барысында олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.