×

Ассамблея сессиясы қарсаңында ҚХА төрағасының жаңа екі орынбасары тағайындалды

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы 26-27 сәуір күндері өтеді

 Халық үні 24.04.2023 | 10:21
фото: Аурика Дяк, Акбаржон Исмаилов

Мемлекет басшысының өкімімен Тауфик Акрамович Каримов және Наталья Григорьевна Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Олардың орнына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк тағайындалды.

Еске салайық, 26-27 сәуір күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отырысы өтеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясы «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырып аясында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама