Елімізде зейнеткерлер саны – 2 млн 297 мың адам
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 824,3 млрд теңге зейнетақы төленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, төленген зейнетақының ішінде базалық зейнетақы – 253,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 571,2 млрд теңге.
Елімізде 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 297 мың адам болды.
Сондай-ақ 1 сәуірдегі жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 953 теңге, базалық зейнетақы – 37 845 теңге.