Қыздың ата-анасы оқушының қазіргі жағдайын айтты
Семейде кешкі уақытта отбасымен дүкеннен қайтып келе жатқан 8 жастағв қызға бұралқы иттер тап берген. Бұл туралы abainews.kz хабарлады.
21 сәуірде отбасымызбен Бөгенбай батыр көшесінің бойында дүкеннен келе жатқанымызда бір топ ит бізге шабуыл жасап, олардың бірі баламды тістеп алды. Алдымен қолына, содан соң бетіне жармасты. Оның жанында болғанымыз және қызымның қалың күртеше кигені сақтап қалды. Иттер қатты қабаған әрі ашулы болды. Мен, ұлым және анам үшеулеп иттерден қызымызды әрең арашалап алдық, - деп жазды Семей қаласының тұрғыны.
Оның айтуынша, қатты күйзеліске ұшыраған қызы қазір тоқтаусыз жылап жүрген көрінеді.
Қызым жалғыз болғанда не болатынын елестеткім келмейді. Қанша укол алдық, әлі көп алу керек. Біздің өлке үшін бұл үлкен мәселе. Балалар иттерден қорқып, мектепке, жаттығуға бара алмайды. Иттерді аулаумен айналысатын қызмет бұл іске бас қатырып отырған жоқ. Полиция да ештеңе істей алмайды. Не істейміз?
Ауруханада қызымның ит тістеген жерін тікті, жарақаты терең, көп қан кетті. Қазір тағы антибиотиктер қабылдап жатырмыз», - дейді ит жаралаған қыздың әкесі.