Halyq Uni логотип
×

Өзбекстанмен шекарадағы кеден бекеттерінің өткізу қабілеті төмендемеді

Бүгінде оларға жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр

 Ербол Тұрымбет 22.04.2023 | 14:47
Өзбекстанмен шекарадағы кеден бекеттерінің өткізу қабілеті төмендемеді
Фото: dispatchnewsdesk.com

Бүгінде Түркістан облысындағы Қазақстан-Өзбекстан шекарасында өткізу пунктерін қайта құру және модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. Қайта құру жұмыстары Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қапланбек» кеден бекетін толық жабумен басталған болатын.

Осыған байланысты, 2023 жылдың 15 ақпанынан бастап «Қазығұрт» (ҚР) – «С.Наджимов» (ӨР), «Атамекен» (ҚР) – «Гулистан» (ӨР) өткізу пункттері арқылы жеке тұлғалар мен жеңіл көліктердің өткізілуі тоқтатылды.

Дегенімен, шекаралық өткізу пунктерінің өткізу қабілеті төмендемегенін атап өту қажет. «Қазығұрт» және «Атамекен» кеден бекеттерінің әрқайсысы екі бағытта (импорт/экспорт) орта есеппен тәулігіне 350-400 жүк көлік құралдарын өткізуде. Ал модернизацияланған «Б. Қонысбаев» кеден бекеті 1 мыңнан астам көлік құралын өткізуде.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 20 сәуірде Өзбекстан Республикасына өту үшін кезекте тұрған 200-250 көліктен кептеліс пайда болды.

Өткізу қабілетін арттыру мақсатында, қазақстандық және өзбек мемлекеттік органдар келісім бойынша күшейтілген режимге ауыстырылды. Осыған байланысты, өткізу пунктеріндегі кептелістер жақын арада жойылмақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама