Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында сапасыз жол үшін 123 шенеунік жазаланды

Өңір жолдарынан үш мыңнан астам ақау анықталған

 Халық үні 12.04.2022 | 12:35
Жамбыл облысында сапасыз жол үшін 123 шенеунік жазаланды
фото: ашық дереккөзден

Жамбылдық тәртіп сақшылары облыс жолдарынан үш мыңнан астам ақауды анықтады.

Үш айда Жамбыл облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері жалпы пайдаланылатын ұзындығы 4 257 шақырым көлік жолдарына 600-ден астам тексеру жүргізді. Тексеру барысында облыс автожолдарынан 3 243 ақау анықталды. Жол мекемелері басшыларына, жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жою бойынша 608 ұйғарым жіберілді, – дейді полиция.

Жамбыл облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығы Жайдарбек Құттыбаев атап өткендей, автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз жағдайда ұстағаны, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 61 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

«Көлік жолдарында жұмыс жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін, басқа да жол құрылысы нысандарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 631-бабы 1-бөлігі бойынша 42 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Тағы бір тұлғаға қатысты осыған ұқсас құқық бұзушылық дерегі үшін, алайда салдары жол-көлік оқиғасын жасауға әкеп соқтырғаны үшін ҚР ӘҚБтК 631-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – делінген ақпаратта.

Жолдардың, теміржол өтпелерінің, басқа да құрылыстардың немесе жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарының жарамсыздығы үшін ҚР ӘҚБтК 630-бабы 1-бөлігі бойынша 18 лауазымды адам әкімшілік жауапқа тартылды.

«Сонымен қатар Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөлімі берген нұсқамаларды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 462-бабы 3-бөлігі бойынша аудандағы көлік жолдарын күтіп ұстауға жауапты лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды», – делінген мәліметте.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама