×

Ақмола облысында бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Істің өзге мән-жайлары анықталып жатыр

 Динара Амантай 22.04.2023 | 13:50
Фото: видеодан скриншот

Ақмола облысында бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 20 сәуірде Көкшетау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақмола облысы ПД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстаған. Ол қорқыту және зорлық-зомбылық әрекеттерін қолдану арқылы жәбірленушіні бірнеше рет тауарлық және ақшалай несиелер рәсімдеуге мәжбүрлеген. Келтірілген шығын 1,5 млн теңгені құрады.

Бұл факт ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Істің өзге мән-жайлары анықталып жатыр.

Осы баптың санкциясы үштен жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама