Halyq Uni логотип
×

Қызылордада колледж директоры жазаланды

Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді

 Динара Амантай 22.04.2023 | 10:37
Қызылордада колледж директоры жазаланды
Фото: Halyq Uni

Қызылорда қаласындағы колледждің бірінде сабаққа қатыспаған студенттерге 17,4 млн теңге заңсыз стипендия аударған директор жазаланды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық прокуратура Қызылорда қаласындағы колледждердің бірінде сабаққа қатыспаған және семестр қорытындысы бойынша қанағаттанарлық баға алған студенттерге стипендия аудару дерегін анықтады.

Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Сараптама қорытындысы бойынша келтірілген залал 17,4 млн теңгені құрады. Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен колледж директоры ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабында (“Немқұрайлылық”) көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған жаза тағайындалып, келтірілген залал толық өтелді. Облыстық прокуратура тарапынан бюджет қаражатын игеру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады, - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Қызылорда облысында білім бөлімінің басшысы мен есепшісі қомақты қаржы жымқырғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама