Halyq Uni логотип
×

Биыл Алматыда автотұрақ ақысы көтерілетін болды

Бұл жұмыс қыркүйектің басында дайын болуы керек, - деді Досаев

 Еркеғали Болатұлы 21.04.2023 | 16:30
Биыл Алматыда автотұрақ ақысы көтерілетін болды
фото: mail.kz

Алматыда автотұрақ ақысы өсетін болды. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында әкім Ерболат Досаев мәлімдеді.

Автотұраққа келетін болсақ, биылдан бастап орындарды анықтаймыз, аумаққа байланысты тұрақ ақысын көтереміз. Әрине, мен қалағандай, бұл жұмысты 1 шілдеге дейін істеп үлгермейміз, бірақ қыркүйектің басында дайын болуы керек, - деді қала басшысы.

Сондай-ақ ол Алматының әр ауданында көлік тұрағы үшін төлем әртүрлі болатынын атап өтті.

«Яғни, Алатау, Медеу ауданында, Құлжа тасжолына шығаберісте бір тариф болады делік, ол – әлі де ойланатын мәселе. Ал тарихи орталыққа жақын жерде тарифтер көтеріледі. Қаражат бюджет кірісіне жұмсалады», - деді Ерболат Досаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама