НАТО Украинаға 55 млрд доллар көлемінде әскери көмек көрсетті

Динара Амантай

Әскери қолдаудың құны 10 есе өскен

Фото: Halyq Uni

НАТО елдерінің Украинаға көрсеткен әскери көмегінің көлемі 55 миллиард долларды құрады. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Рамштайн қаласында өтіп жатқан Украина бойынша байланыс тобының кезекті отырысы алдында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

НАТО-ның Украина бойынша байланыс тобының мүшелері соғыс басталғалы бері Украинаға 55 миллиард доллар көлемінде әскери көмек көрсетті, - деді Ллойд Остин.

Сондай-ақ ол Солтүстік Атлантикалық альянстан Киевке қару-жарақ пен басқа да әскери қолдау түрлерін жеткізу құны соғыс басталғаннан бері 10 есе өскенін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейде «Вагнер» жасағының құрамына кірген қазақ студенті видеоүндеу жасағанын хабарлаған болатынбыз.