Олар ЖШС басшылығынан ақша бопсалады деген күдікке ілінді
Алматыда журналистер Владимир, Наргиз Северныйлар ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Олардың қамауға алынғандығын алдымен балалары әлеуметтік желіде хабарлаған болатын. Айтуларынша, журналистер 21 сәуірде Алматыдағы сауда орталығының бірінде балаларының көзінше ұсталған.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ерлі-зайыпты журналистердің үстінен ЖШС басшысынан арыз түскен.
Жағымсыз ақпараттардың жарияланбауы үшін ЖШС басшылығынан ақша бопсалаған С. тегіндегі ерлі-зайыпты ұсталды. Қазір аталған деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады, – делінген хабарламада.