Halyq Uni логотип
×

Қыздардың етінен тұшпара жасап жеген алматылық каннибалдардың түрмедегі тәртібі жайлы

«Қара бүркіт» түрмесінде қазір 180 адам жазасын өтеп жатыр

 Айгерім Таубай 21.04.2023 | 12:40
Қыздардың етінен тұшпара жасап жеген алматылық каннибалдардың түрмедегі тәртібі жайлы
коллаж: Halyq Uni

Қазақстанда өмір бойына сотталғандар мен ату жазасына кесілгендер жазасын Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» аталып кеткен мекемеде өтейді. Ол жерде қазір 180 адам жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Редакция қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдап, түрмеде неше адамның жазасын өтеп жатқанын, сондай-ақ сотталғандардың қанша рет түрме тәртібін бұзғанын сұрады.

Соның ішінде алматылық адамжегіштер Евгений Турочкин мен Михаил Вершинин туралы сауал жолдады.

Сотталған Евгений Турочкин жазасын өтеудің белгіленген тәртібін бұзған. Ол тәртібін екі рет бұзғаны үшін қазір өшірілген тәртіптік изоляторға орналастыру түріндегі тәртіптік жазаға тартылды, - деп хабарлады комитет.

Бұған дейін «Арқанкерген» шекара бекетіндегі қайғылы оқиғадан кейін өмір бойына сотталған Владислав Челахтың түрмеде екі рет тәртіп бұзғаны хабарланды.

АЛМАТЫЛЫҚ АДАМЖЕГІШТЕР

Алматы аумағында 1999-2001 жылдар аралығында болған қылмыстарға қатысты тергеу бір жылға жуық уақытқа созылды.

Тергеу үш адамның (Михаил Вершинин, Евгений Турочкин және Сергей Копай) 7 қызды өлтіргенін дәлелдеді. Олардың бәрі 18-25 аралығындағы қыздар болған. Үш адамның жеке басы анықталмады.

Сот-психиатриялық сараптама барысында Михаил Вершинин, Евгений Турочкин және Сергей Копайдың қылмыс жасаған кезде есін білгенін және не істеп жатқанын түсінгенін анықтады.

2001 жылдың 28 қыркүйегінде Алматы қалалық соты кісі өлтірушілер тобын ату жазасына кесті. Алайда Қазақстанда өлім жазасына мораторий енгізілуіне байланысты жаза өмір бойына бас бостандығына айыру жазасына ауыстырылды.

Алайда олар сот үкіміне қарсы шығып, Жоғарғы сотқа жүгінді. Жоғарғы сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, іс бойынша сотталғандардың бірі Сергей Копай 2008 жылы «Қара бүркіт» колониясында қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама