Halyq Uni логотип
×

«Барлығы қос дозадан өлді деді»: түркістандық фермер 320 қойынан айрылып қалды

Полиция да, мал дәрігерлері де көмекке асықпаған

 Еркеғали Болатұлы 21.04.2023 | 12:20
«Барлығы қос дозадан өлді деді»: түркістандық фермер 320 қойынан айрылып қалды
фото: дереккөз

Түркістан облысының тұрғыны Самат Қадыров күмәнді дәрі-дәрмектің кесірінен малынан айырылдым деп есептейді. Оның айтуынша, алғашында қойлар ауыра бастаған.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, ферма иесі ветеринарлық дәріхананың сатушысымен кеңесіп, дәрі-дәрмек сатып алған.

Фармацевт ұнтақ арзанға шығатынын айтты. Ол дәріні тек 10 литр суға сұйылтып, жануарларға 5-10 грамм беруің керек деді. Мен дәл солай жасадым. Ал кешкі сағат 22:00-ден кейін 320 қой бірінен соң бірі қырылды, – дейді ферма иесі.

Ол полицияға да, мал дәрігерлеріне де жүгінген. Алайда олардың ешқайсысы көмекке асықпаған.

Барлығы қой қос дозадан өлді деді. Өлекселерді сараптамаға апаратынын айтты. Бірақ бізде жануарлардың дәл осы препараттың кесірінен өлгені туралы ешқандай дәлел мен сараптама әлі жоқ, - дейді ферма иесі.

Ветеринариялық дәріхана оқиғаға қатысты пікір білдірмеді. Ал мал өлексесін зертханада тексерген мамандардың айтуынша, ферма иесі алдымен мал дәрігеріне хабарласып, содан кейін ғана дәрі-дәрмек сатып алуы керек еді.

Ферма иесі бұл дәрі-дәрмекті тәуелсіз зертханаға зерттеуге өз қаражатына жібере алады. Біз өз тарапымыздан сараптамаға жібердік. Нәтижесі 9 күннен кейін болады, – деді Түркістан облысы ветеринария қызметі басшысының орынбасары Әлмет Оразбеков.

Енді Самат Қадыров өз құқығын сот арқылы қорғамақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама