Олар психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 54 және 27 жастағы азаматтар болып шықты
Әлеуметтік желіде Қарағанды мен Теміртау қалаларында қоғамдық орындарда жалаңаш жүрген адамдардың бейнежазбасы жарияланған болатын. Оның бірі Қарағанды қаласының ортасында шалбарын шешсе, екіншісі Теміртау қаласында жалаңаш жүрген.
Қарағанды облыстық полиция департаменті жалаңаш жүрген осы екі адамды анықтады. Олар психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 54 және 27 жастағы азаматтар болып шықты. Қазір оларды диспансерге орналастыру мәселесі шешіліп жатыр.