Қарағандыда бойжеткен жүк пойызының астына түсіп мерт болды
ҚТЖ марқұмның жақындарына көңіл айтты
Қарағандыда бойжеткен пойыздың астына түсіп қайтыс болды. Қыздың кім екені анықталды. Оның жасы 18-де.
10 сәуір сағат 18:30-да Қарағанды Сортировочная-Құлайғыр учаскесінде қайғылы жағдай болды. 18 жастағы бойжеткен жүк пойызы жүретін жолға жүгіріп шыққан. Машинист тежегішті шұғыл түрде басқанымен, пойызды тоқтату мүмкін болмаған.
ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 80 км/сағ жылдамдықпен жүретін пойыздың тежегішін басқан күннің өзінде, ол шамамен 900 метр жүріп барып тоқтайды екен.