Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысында қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген тұрғын тергеліп жатыр

Ұсталған адам қасқырдың малына шабуыл жасамақ болғанын айтқан

 Динара Амантай 19.04.2023 | 16:35
Ақтөбе облысында қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген тұрғын тергеліп жатыр
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысының полицейлері әлеуметтік желілерді талдау барысында бейнежазбадан қасқырды шынжырмен ұрып-соққан ер адамды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ырғыз ауданы ПБ-нің қызметкерлері ауданның 37 жастағы тұрғынын анықтады. Ұсталған адам қасқырдың малына шабуыл жасамақ болғанын, сондықтан оны мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен өлтіргенін түсіндірді.

Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 316-бабы 3-бөлігіне («Жануарларға қатыгездікпен қарау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама