Пәтер жалдаған әйел үй иесінен 1,5 млн теңгені алдап алған
Алаяқ төрт ай бойы ештеңе болмағандай, бір дастарханнан тамақ ішіп жүрген
Түркістан облысының Сайрам ауданында пәтер жалдаған әйел үй иесін 1,5 млн теңгеге алдаған.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, алаяқ үй иесінің сеніміне кіріп, телефонын алдап сұрап алып, банк қосымшасы арқылы 700 мың теңге несие рәсімдеген. Одан бөлек, банк есеп шотындағы ақшаны өзіне аударып, қажетіне жұмсаған. Сондай-ақ мобилдік қосымша арқылы 470 мың теңге несие алып, онлайн желілерден де тағы екі ақшалай несие алып, үй иесімен бірге ештеңе болмағандай төрт ай бірге тұрып келген. Бір дастарханнан тамақ ішіп жүрген.
Полицейлер алаяқтың кім екенін бірден тапқан. Ол жәбірленушінің пәтерінің бір бөлмесін жалдап тұрған әйел болып шыққан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркелді.
Қазір алаяқ кінәсін мойындап отыр. Оны полиция тергеп жатыр.