Halyq Uni логотип
×

Білім сапасы төмен өңірлер аталды

 Қазақстанда 52 мектеп апаттық жағдайда тұр

 Халық үні 19.04.2023 | 11:16
Білім сапасы төмен өңірлер аталды
Фото: Halyq Uni

Елімізде медицина саласында 8 мыңға жуық кадр тапшылығы бар. Олардың басым бөлігі – дәрігерлер. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Медициналық нысандардың 45%-ы тозған. Медицина саласында 8 мыңға жуық кадр жетпейді, оның тең жартысы – дәрігерлер. Медициналық мекемелерде жабдықтар жетпейді. Әсіресе бұл жағдай ауылдық жерлерде күрделі болып отыр, - деді Көлгінов.

Айтуынша, білім беру саласында да олқылықтар бар. Мәселен ел бойынша 143 үш ауысымды мектеп жұмыс істеп тұр.

«Жаңа мектептердің ашылуы демографиялық және көші-қон процестеріне ілесе алмай келеді. Бұл ірі қалаларда қатты байқалады. Оқушы орындарының тапшылығы 270 мыңды тұрайды, үш ауысымды мектептер саны – 143, апатты мектептер саны – 52, саманнан (кесек) және ағаштан салынған 300-ден астам мектеп бар", - деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары әлі күнге дейін ауыл мен қала мектебіне баратын оқушылар арасында білім көрсеткіші бойынша алшақтық бар екенін айтты. Сондай-ақ 4 мыңға жуық педагогке тапшылық бар.

Білім сапасы бойынша Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстары республикалық деңгейден әлдеқайда төмен, - деді ол.

Ал жатақханаларда 70 мың орын жеткіспейді. Оның басым бөлігі Алматы, Астана секілді ірі қалаларда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама