×

Елдегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құрамыз – президент

Тоқаевтың айтуынша, Үкіметке жаңа міндеттер жүктеледі

 Дәурен Ерболат 19.04.2023 | 10:00
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құру қажет екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жуырда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Үкімет қайта жасақталды. Осылайша, ауқымды саяси өзгерістің алғашқы кезеңі аяқталды деуге болады. Біз билік тармақтарының тепе-теңдігін орнықтырдық. Енді еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек. Жұртшылық бұл реформаларға зор үміт артып отыр. Сондықтан, біз нақты іс-шараларға баса мән беруге тиіспіз, - деді мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, Үкіметке жаңа міндеттер жүктеледі.

«Мен парламент сессиясының ашылуында заңнамалық тұрғыдан шешілуге тиіс бірқатар мәселені атап өттім. Ал бүгін әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттерді айқындап алуымыз керек. Үкімет және барлық деңгейдегі әкім соған сүйеніп жұмыс істейтін болады. Осы басқосуға мәслихаттардың өкілдері қатысып отыр. Бұл да – нақты саяси өзгерістердің нышаны. Атқарушы және өкілді билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату өте маңызды. Қажет болса, олар бірін-бірі толықтырып, қолдап отыруы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айтуынша, мұның бәрі мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ел мүддесін ескере отырып шешім қабылдауға жол ашады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама