Halyq Uni логотип
×

Роза Мұқанованың бір постынан кейін Антикор тексерді – Кітапхананың бұрынғы директоры

Ол құны 10 млн теңге болатын сканерді сатып жіберді деген күдікке ілінген

 Ая Өміртай 18.04.2023 | 15:52

Ұлттық академиялық кітапхананың бұрынғы директоры Үмітхан Мұңалбаева Halyq Uni youtube арнасына берген сұқбатында белгілі драматург, жазушы Роза Мұқанованың сынына қатысты жауап берді.

2020 жылы Жазушы Роза Мұқанова кітапхананың тозығы жетіп, күркеге айналды дей келе, кітапхана қорындағы кітаптардың бей-берекет қолды болып жатқандығын айтып, сынға алған болатын. Кітапхананың сол кездегі басшысы Үмітхан Мұңалбаеваның айтуынша, сол жазбадан соң тиісті мекемелер тексере бастаған.

Роза апайға көптен көп рақмет айтқым келеді. Себебі әрбір сынаған кезде мынау рас па, жоқ па деген әңгімеге тоқтайсың. Сол кезде мен үлкен жетістікке жеттім. 1848 жылғы Абайдың кітабын апайымыз бір уақытта жоғалтып қойған. Ол оқырманның қолында болған кітапты көрмей, іздей бастады. Бұл кітапты сынап жатқан әркімге айта беруді, фейсбукте жазуды, мен өзім арсыздық деп санадым. Оны дәлелдеп маған комиссия шықты. Бүкіл Президент әкімшілігі шықты. Бүкіл фейсбукқа жазған дүниеге бола, білесіз бе, мені қанша тексерді. Антикор шықты. Көреміз деді. Мұқанованың бір посты қандай шу туғызды, – деді ол Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында

Кітапханының бұрынғы директоры аталған кітаптың сол кезде оқырман қолында болғанын, аталған оқиғаның өзіне үлкен сабақ болғандығын атады.

Кітап сол кезде оқырман алып келді де, «міне кітап» деп берді. Құдайға шүкір. Артынан өзім кітапты көрсетіп, видео да салдым. Роза апайды да түсінуге болады. Әкім ағамыздың өзіне ұнаған дүниені қарындашпен түртіп алатын әдеті бар екен. Содан іздеген шығар деп ойладым. Абайды бір көтеріп кеттік десем артық болмас, – деп еске алды ол. 

Айтуынша, кітапхананы басқарып тұрған тұста көптеген келеңсіз жайттар болған. Соның бірі ретінде құны 10 млн теңге болатын сканерді сатып жіберді деген күдікке ілініп, 8 ай тергеуде болғанын айтады.

Электронды кітапханаға 10 млн теңгелік жабдық алдық. Мен Америкада  жүргенмін. Бинтигі жоқ екенін көрген қызметкерлер сканерді қайтарады. Орнында жоқ екенін көріп, сол жерде құны 10 млн теңге болатын сканерді алаяқтықпен сату бойынша қылмыстық іс қозғалады. Қазір ол сканер кітапханада тұр.Түсінбестіктен осындай жағдай болды. 8 ай бойы жұмыстан шеттетіліп, үйде қамауда отырдым. Еске алсам жылағым келеді, – деді Үмітхан Мұңалбаева.

Сұқбаттың толық нұсқасын Halyq Uni youtube арнасынан көре аласыздар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама