×

Биыл қандас мәртебесін алған азаматтардың ішінде жоғары білімдісі - 11,1%

1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 87,7 мың этникалық қазақ оралды

 Ербол Тұрымбет 06.12.2021 | 10:01
көрнекі фото: Иран мемлекетінен Қазақстанға оралған 20 отбасы

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 17 358 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 87,7 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Биыл жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,2%) Өзбекстаннан, 9,7% – Қытайдан, 6% – Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 5,7% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,3%), Түркістан (13,4%), Маңғыстау (19,1%) және Жамбыл (7,8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны - 55,2%, еңбекке қабілетті жастан кішілер - 28,1%, зейнеткерлер - 16,8%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 11,1% жоғары білімді, 40,2% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді, қалған 3,1%-ының білімі жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама