Halyq Uni логотип
×

Психологтың бақылауында болған әскерилерге қару берілген – прокуратура

Сарбаздарға психологиялық көмек көрсету жұмысында кемшіліктер бар

 Дәурен Ерболат 18.04.2023 | 13:07
Психологтың бақылауында болған әскерилерге қару берілген – прокуратура
Фото: РИА Новости

Қазақстанда психологтың бақылауында болған әскерилерге қару беріліп, кезекшілікке жіберілген. Бұл туралы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Арнаулы динамикалық бақылау тобына енген әскерилердің тәуліктік нарядқа, оның ішінде қарумен кезекшілікті атқаруға жол беру деректері анықталды. Психологтарды даярлықтан өткізу талаптары орындалмай жатыр, - деді Мақсат Қазиев Сенатта «Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мәселесі» тақырыбында өткен отырыста.

Оның айтуынша, психолог мамандығын алған кейбір әскери қызметшілер өз саласын тиісті деңгейде меңгермеген.

«Тағы бір маңызды мәселе – жеке құрамның психологиялық тестілеуден ұзақ өтуі. Себебі бұл құжаттар қағаз жүзінде қолмен толтырылады. Сондықтан бұл бағытта цифрлық технологияны қарқынды енгізу керек», - деді Мақсат Қазиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін бейнебақылау жүйесі жоқ әскери бөлімдердің анықталғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама