СҚО-да сепаратизмге қатысты атышулы іс бойынша 3 адам қамауға алдынды
Олар елдің Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұға отырып, оның тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарған
Солтүстік Қазақстан облысында «Халық Кеңесі» тобының 3 мүшесі сепаратизмді насихаттағаны үшін ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті наурызда өткен «Халық Кеңесі» тобына қатысушылардың сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған болатын. Сол күні облыс прокуратурасының нұсқауы бойынша Ұлтық қауіпсіздік комитеті департаменті, полиция департаменті, экономикалық тергеу департаменті, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып, процестік прокурорлар тағайындалды.
Тергеу барысында Петропавл қаласында 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында «Халық Кеңесі» тобына қатысушы – облыс орталығының 20 азаматынан тұратын топтың жиналысы өткені, олардың өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деген көзқарастарын білдіргені белгілі болды.
Жиналыс барысында олар Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл қаласының Халық Кеңесін құру туралы тілектерін білдірген және «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық Кеңесі Декларациясын» қабылдаған. Онда олар Қазақстанның мемлекет құру заңдылығын және легитивтігін мойындамай, оның Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұға отырып, тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында іс үшін мәні бар көптеген тергеу шаралары жүргізілді, оның ішінде әртүрлі сараптамалық зерттеулер тағайындалды.
Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен комиссиялық сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындыларына сәйкес сепаратизм белгілері анықталған.
Қылмыстық істің жиналған материалдары негізінде «Халықтық кеңестің» 3 мүшесінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде БАҚ және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған.
Аталған азаматтар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетсек, осы баптың санкциясымен 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру түрінде баламасыз жазалау қарастырылған.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.
Қазір тергеу әрекеттері жалғасып жатыр және жиналысқа қатысқан басқа адамдарға қатысты объективті және жан-жақты құқықтық баға берілетін болады.
Облыс прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауға алынған.
Еске сала кетсек, бұған дейін «Қазақстаннан тәуелсіздік алдық» деп жариялағандарға қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатынбыз.