Halyq Uni логотип
×

Бейнебақылау жүйесі жоқ әскери бөлімдер анықталды

Сенатта «Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мәселесі» талқыланды

 Дәурен Ерболат 18.04.2023 | 12:24
Бейнебақылау жүйесі жоқ әскери бөлімдер анықталды
көрнекі фото: univery.kz

Қазақстанда бейнебақылау жүйесімен қамтылмаған әскери бөлімдер көп екен. Бұл туралы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Сенат отырысында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілінің айтуынша, әскери бөлімдерді бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі әлі де өзекті.

Мәселен Шекара қызметінде 358 нысанның тек 104-ті бейнебақылаумен қамтылған. Ұлттық ұланда толық қамту үшін әлі де 216 бейнебақылау жүйесін қолдану керек. Қорғаныс министрлігінде 12,5 мың бейнебақылаудың 4,1 мыңы істен шыққан, - деді Мақсат Қазиев.

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары бұрын әскери бөлімдер мен мекемелерді бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді реттейтін бірыңғай құқықтық-нормативтік акт болмағанын жеткізді.

«Бұл жұмыс қолға алынып, бірлескен бұйрықтың жобасы дайындалды. Бүгінде ол құжат пысықталып, келісуден өтіп жатыр. Бұйрық қабылданып, қаражат бөлінген жағдайда, әскери бөлімдерді бейнебақылау жүйесімен қамту қарқынды жүреді», - деді Қазиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама