БҚО-да кәсіпкерге кедергі келтірген мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды
Ол бизнес субъектісіне тиесілі контейнерді Қазақстан аумағынан әкетуге негізсіз тыйым салған
БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке облыстың Кәсіпкерлер палатасынан облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы тарапынан кәсіпкердің қызметіне заңсыз кедергі жасау мәселесі бойынша өтініш түскен. Яғни, ол бизнес субъектісіне тиесілі контейнерді Қазақстан аумағынан әкетуге негізсіз тыйым салған.
Өтініштің дәлелдемелерін зерделеу нәтижесінде, БҚО бойынша МКД бас маманына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Сот қаулысымен бас маман кінәлі деп танылып, оған 100 АЕК (345 мың теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.