Тұңғышбай Жаманқұлов сотқа куәгер ретінде шақырылмайды
Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты экс-министрдің үстінен арызды Тұңғышбай Жаманқұловтың жазғанын айтқан еді
Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі бойынша сотқа шақырылмайтын болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұған дейін сотталушы Азамат Көшенов Жаманқұловты сотқа куәгер ретінде шақыруды сұрады.
Іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Еркеғали Зәкіров оған қажеттілік жоқ екенін мәлімдеді.
Байқоңыр ауданы сотының судьясы Бағлан Ыдырысов сотталушының өтінішін қанағаттандырмады. Осылайша белгілі Тұңғышбай Жаманқұлов сотқа шақырылмайды.
Айта кетейік, экс-министрдің адвокаты Мұстақым Төлеев Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен арызды Тұңғышбай Жаманқұловтың жазғанын айтты.
Тұңғышбай Жаманқұлов көпе-көрнеу жалған ақпарат таратып, менің қорғауымдағы Арыстанбек Мұхамедиұлынан кек алу мақсатында прокуратураға арызданған. Ол жалған деректерді алға тартқан. Соның негізінде заңсыз қылмыстық іс қозғалған, - деді адвокат Төлеев.
Сондай-ақ адвокат Арыстанбек Мұхамедиұлының ешқандай кінәсі жоқ екенін мәлімдеді.